Лабораторлық жұмыс №9.
Тақырыбы: Adobe Photoshop. Фотографиямен жұмыс.
Мақсаты: Графикалық файлдардың форматтары. Түсті орнату және редактрлеу. RGB,
CMYK, Lab, Сolor, Swatches палитраларымен танысу.
Бейнені дискіде сақтаған уақытында графикалық файлдар жасалынады.
Файлдағы
графикалық ақпарат компьютердің жадысына қарағанда басқаша кодталады. Көптеген кодталу әдістерін қамтиды. Ең соңғы жағдай спецификалық сферада қолданумен қамтамасыз етілген.
Компьютердің әртүрлі түрлеріне өздерінің стандартты форматтары
қолданылады. Мәтіндік форматтар үшін DOC, ТХТ, полиграфиялық өнімдер үшін - TIFF, РIСТ, интернетегі графика
үшін -
GIF, JPEC және т.б.
Бағдарламалар әртүрлі форматтағы файлдарды түсіну үшін
- конверторларды қолданады. Олар ақпараты бағдарламаға түсінікті қылып аударады.
Бейнені кезкелген форматта сақтай алуға болады. Бірақ негізгі факторлар
туралы ұмытпаңыздар.
Таралымды (Распространенность). Көптеген ұсыныстар, соның ішінде
PHOTO-PAINT өздерінің жеке файлдағы форматтары бар.
Бұлар
осы бағдарламаның ерекше мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді, бір-ақ басқа ұсыныстарға бірікпеуі мүмкін. Үлестірілгендік бағдарламаның өз форматтарына ғана қатысты емес. Кейбір
форматтар аппараттық қамтамасыздандыруға арнап шығарылған. Мысалы: Scitex, Targa, Amiga IFF.
Қолдану сферасының сәйкестілігі. Көптеген графикалық форматтар арнайы облыстардың қолдануларына арналып
жасалған. Бейненің қателігі болған жағдайда қолдануға жарамсыз болады. Мысалы, бейнені GIF форматында сақтап, оны қағаз бетіне басып-шығаруға жарамды қыласыз. Осыған байланысты басқа форматта оны ашу және сақтау жіберілген қатені дұрыстайды.
Векторлық
бейнелердің және
түс моделдерінң
типтерінің мүмкіншіліктері. Осы бейнелерде қолданатын типтің форматтарын таңдайық. Мысалы, формат BMP CMYK моделінің бейнелерін таңымайды сондықтан да бұл сферада қолданылмайды. PHOTO-PAINT сіз оның типімен түстік моделін
танымайтын, бейненің форматын сақтай алмайсыз.
Өйткені
бағдарлама бұндай форматты тізімнен көрсетпейді.
Қосымша түс каналдарын сақтаудың мүмкіншілігі. Егер сізге қосымша түс каналдары қажет болса, онда
бұл форматтарды таңдауды шектейді.
Сондықтан ондай жағдайды екі форматқана жасай алады: СРТ және PSD.
Контурларды сақтаудың
мүмкіншілігі. Контурлар PHOTO-PAINT құралдарымен
жасалады және бағдарламаның иллюстрациясында, шығарылатын жүйелерде бейненің фрагменттерін
маскілеуге қызмет жасайды.
Графикалық ақпаратты
қысудың мүмкіндіктері. Графикалық файлдардың көлемін кішірейту үшін берілгендерді қысынуды ұсынады. Бұндай форматтардың біреуін таңдау қатты дискте немесе басқа дисктерде бос орындарды үнемдейді.
Қысудың тәсілдері. Қысудың алгоритмдері
екіге бөлінеді, біріншісі сапаның жойылуына, екіншісі сапаны төмендетеді. Сонғысы қысудың жоғары коэффиценттерін орындауға мүмкіндік береді.
Файлдардың форматтары.
|
Формат |
Бейнелеу режимі |
Қолданылуы |
|
PCX |
Монохромды, индекстелген және толық түсті RGB- бейнесі |
Растрлық форматтардың ең алғашқысы. Қазіргі таңда GIF және TIFF форматтары
ауысқан. |
|
BMP (Windows Device Independent Bitmap) |
Индекстелген түстерге арналған |
Операциондық жүйе Windows ұсыныстарының арасында растрлық бейнелерді аумастыру үшін қолданады. Формат көбінесе түстік моделдерді қамтиды. BMP форматындағы файлдар кең көлемді болады. BMP форматы бүгінгі таңда жарамсыз, және оны ақтап алатындай ешқандай қасиеті жоқ. |
|
TIFF (Tagged Image File Format) |
Индекстелген бейнелерден басқасының барлығы |
Бұл формат сканерленген бейнелерді сақтау үшін қолданылады. Қысудың кез-келген алгоритімен жұмыс жасайды. |
|
PSD (Adobe PhotoShop Document) |
Бейненің барлық типтеріне |
Құжаттың барлық мәліметтері сақталынатын жалғыз формат. Дайын бейнелерді басқа графикалық редакторларда сақтаған жөн, өйткені
PSD форматымен жасалған файлдың көлемі үлкен. |
|
JPEG (Joint Photographic Experts Group) |
Тек қана толық түсті бейнелер RGB моделінде және CMYK |
Векторлық файлдарды қысу арқылы сақтау үшін қолданылады. Бұл әдіс бойынша файлдардың көлемін қысу файлдың көлемін 10 -15 рет көлемінде қысқартады. Бұл форматты полиграфияда қолдануға келмейді. |
|
GIF (Graphics Interchange Format) |
Индекстелген бейнелерге арналған |
Түстің анықтылығын функциясын және кейбір анимация түрлерің қолдана алады.
GIF форматы не бары 256 түспен жұмыс жасайды |
|
PNG (Portable Network Graphics)) |
Индекстелген бейне |
Растрлық бейнелерде
анимациялар жасау үшін қолданылады |
|
WMF (Windows MetaFile |
Индекстелген бейне |
Операциондық жүйе Windows ішкі форматы болып табылады. |
|
PostScript |
Бейненің барлық типтеріне арналған |
Лазерлік шығару құрылғысының беттерінің жазылу тілі болып
табылады. Яғни .ps форматының файлы графика мен мәтінді қандай да бір күрделігіне қарамай дұрыс басып шығарады. |
Тапсырмалар: Adobe Photoshop
программасында жұмысты ұйымдастыру.
1. Сызылған,
ескі фотографияны қалпына келтіру
керек болады. Бұл жұмысты
орындау техникасы History (Тарих) тақтасынан
бастаймыз.

2. History тақтасын ашыңдар. Назар аударсаңдар, Photoshop–та үндеу бойынша, Сізді тақтаны ашқанда кадрмен қамтамасыз етеді. Егер жаңа кадр құру керек болса, Жаңа кадрды (New Snapshot) таңдау керек. Кадрлар (Snapshot). Кадрлар бейненің нақты күйінің уақытша көшірмесі болады және бейнені жапқанда сақталмайды.

3. Енді History тақтасында бейненің күйімен жұмыс істей аласыздар, Filter –Noise –Dust және Scratches командаларын орындандар. (Threshold) параметріне 0–ді орнатып,
Радиус (Radius) параметрін кішкентай кемшіліктер жоғалмағанша, ұлғайта беру керек. Preview опциясын қосу керек, себебі ол арқылы сүзгінің бейнеге әсерін көре аласыздар. Сізге клондау аспабы керек болуы мүмкін, ол арқылы басқа да көптеген кемшіліктерді түзетуге болады. Шаң және
Сызылған
эффектілер (Dust & Scratches)

4. Осы кадрды нақты бейнедегі
кемшіліктерді бояып жіберу үшін History қаламұшымен бірге қолданамыз. Бейнеге аз ғана тағы да шуыл сүзгісін қолдану керек болады.
Filter – Noise – Add Noise сүзгісін таңдап Distribution:
Uniform орнатыңдар, Monochromatic
параметрін және Amount: 3 орнатыңдар.
Monochromatic опциясын таңдау түстік бейнелермен жұмыс жасауда өте маңызды, өйткені ол шуылды қосқанда еркін түстерді енгізуден сақтайды. Бейненің өлшемі үлкен болған сайын, Add Noise
(Шуылды қосу) сүзгісі үшін соншалықты мән беру керек.

5. Бейненің ағымдағы күйіне жаңа кадр құру керек. Басқару мәзірінен біріккен қабаттарды (Мerged
Layers) таңдандар. Біріккен қабат (Merged Layers) қабаттардың санын азайтып, құжатты ықшамдайды. (History
brush) тарихи қаламұш Сіздің қанша қабатпен жұмыс жасауынызды басқарады.
Біріккен қабаттар (Merged layers). Сіз жаңа кадр құру кезінде үш варинаттың бірін таңдау мүмкіндігіне ие боласыз: біріншісі, Full
Document (Толық құжат), бейненің барлық қабаттарынан тұратын кадрды құрады, екіншісі, Merged
Layers (Біріккен қабаттар) бейнедегі
біріккен барлық қабаттары бар кадрды құрады. Үшіншісі, Current Layer (Ағымдағы қабат) таңдалған қабаттың кадрын
жасайды.

6. Саймандар тақтасынан тарихи қаламұшты (History brush) таңдандар. History тақтасынан нақты бейнені қосыңдар (History101.psd)
History тақтасын баптау. Егер Сіз
жаңа кадр құрғанда бейненің ағымдағы барлық күйін жоғалтқыңыз келмесе, онда Сізге басқару мәзіріндегі History баптауына кіріп, Allow
Non-Linear History (сызықты емес тарихты жіберу) параметрін таңдау керек.

7. Тарихи қаламұш (History Brush Options) баптау тақтасында, Darken режимін орнатыңдар. Қаламұштың кішкене өлшемін таңдап бейненің ақшыл сызылған бөліктерін өшіре бастаңыз. Ақшылданған сызықтарды өшіру кезінде, тарихи қаламұш (History Brush Options) баптау тақтасында Lighten режимін орнатып, бейнедегі сызықтардыжәне шаңды бояңыздар. Кейбір кезде
бейнені түзету үшін Darken және Lighten режимдерін қатар қолдану керек болады. Тарихи қаламұшты баптау (History Brush Options) тәсілдері
Тарихи қаламұш (History Brush Options) баптау тақтасында, Darken режимінде, тарихи қаламұш кадрдан қараңғы жерлерді өзгертеді, ол нүктелер және сызылған бөліктер, ал бейненің қалған бөлігі қорғалып тұрады. Darken режимінде
тарихи қаламұш кадрдың ақшыл жерлерін өзгертеді. Дайын бейнені
суретте көрсетілген.

Әдебиеті:
1 Компьютерная
графика. С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе.
Харьков «Фолио»
Москва «АСТ», 2001.
Бақылау сұрақтары:
1. Бейнені дискіде сақтаған уақытында қандай файлдар
жасалынады?
2. Полиграфиялық өнімдер үшін файлдардың кеңейтілуі қандай?
3. Растрлық графиканың суреттерін сақтау форматтарын атаңыз.